Қаржы министрлігі: Салық есебін ұсыну мерзімін ұзартуға болады
14 Қаңтар, 19:46 494

Қаржы министрлігі: Салық есебін ұсыну мерзімін ұзартуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, электронды нұсқада ұсынылған жағдайда салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзартуға болады.

Ол үшін тиісті хабарламаны қағаз немесе электронды түрде тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жіберу қажет.  

Елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты хабарламаны электронды түрде «Салық төлеушілер кабинеті» web-қосымшасы, «электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы жолдауға болады. Соның ішінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жіберу шарт. Тәуекел деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салық, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша декларацияны тапсыру мерзімі де 30 күнге ұзартылыпты. Ал салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларация мен есеп-қисап күнтізбелік 15 күн ішінде жөнелтілуі тиіс.

Алайда ведомство қаңтарда тапсырылуы тиіс 101.01 және 328.00 нысандары бойынша салықтық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылмайды деп отыр.

Ал жеке табыс салығын қатысты 2021 жылғы 4-тоқсанға салықтық есептілікті табыстау мерзімі биылғы жылдың 15 ақпанында аяқталады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...