Путин мен Зеленский келіссөздер жүргізді

8 Қыркүйек 2019, 14:25
1608
Бөлісу:
Путин мен Зеленский келіссөздер жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кремльде атап өткендей, Киевтің бастамасымен екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы korrespondent.net сайтында хабарланды.

Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей көшбасшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы 7 қыркүйекте Украина басшысының кеңсесі Facebook-те жариялады.

Мемлекет басшыларының диалогты қалыпқа келтіру жолындағы бірінші кезең шеңберіндегі уағдаластықтардың орындалу нәтижелеріне қанағаттанғаны айтылды.

Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары жақын уақытта кездесу күнін нормандтық формат түрінде талқылауға келісті.

Сонымен қатар, Донбастағы қақтығысты шешудегі Минск процесі шеңберіндегі келесі қадамдар туралы айтылды.

Кремль атап өткендей, сөйлесу Украина президентінің бастамасымен өтті. Ресей тарапының айтуынша, көшбасшылар одан әрі байланыстарды жалғастыруға келісті.


Өзгелердің жаңалығы