Бас жаңалықтар
Путин, Лукашенко және Жээнбеков «Назарбаев орденімен» наградталады
28 Мамыр 2019, 16:38 777

Путин, Лукашенко және Жээнбеков «Назарбаев орденімен» наградталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулы етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталсын:

Путин Владимир Владимирович – Ресей Федерациясының Президенті

Лукашенко Александр Григорьевич – Беларусь Республикасының Президенті

Жээнбеков Сооронбай Шарипович – Қырғыз Республикасының Президенті», - деп Қаулы етті ҚР президенті.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...