Protecting business and investments жобалық кеңсесі 340 жобаны қорғауға алған

8 Тамыз 2019, 12:33
1923
Бөлісу:
Protecting business and investments жобалық кеңсесі 340 жобаны қорғауға алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Protecting business and investments жобалық кеңсесінің жетекшісі Айдос Мамыт бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғауға бағытталған шаралардың нәтижесін баяндады.

"Агенттік қолайлы Қазақстанда инвестициялық ахуалды орнату үшін және мемлекеттік институттарға сенімді арттыру үшін Protecting business and investments жобалық кеңсесін құрды. Бүгін ел бойынша жалпы сомасы 11,5 трлн теңге 339 инвестициялық жобаны қорғауға алдық. Олардың 30%-ы әртүрлік шетелдік инвестор қатысуымен өтеді", - деді Айдос Мамыт.

Ол жобалық кеңсе инвесторлардан келіп түскен шағымдар арқылы әртүрлі мәселені шешуге көмектесетінін атап өтті.

"Қоржынымызда бірқатар шешілген мәселе бар. Инвесторлармен тікелей байланыс орнаттық. Осылай мәселелерді анықтап, талдау жүргіземіз. Жоба бір жылдан бері жұмыс істейді. Өткен алты айда 300-ден астам өтініш келіп түсті. Биыл 6 айда шағымдар саны 200-ден асқан жоқ. Өтініштерді қарастырған соң елде 21 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке, 56 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде әртүрлі санаттағы әкімдер мен облыс орталықтарында, ауданда жұмыс істеп жатқан қызметкерлер бар", - деді жобалық кеңсе жетекшісі.

Айдос Мамыт мемлекеттік қызметкерлердің инвесторларға деген қарым-қатынасы өзгергенін айтты. Оның сөзінше, бүгінде инвесторлардың мәселесі мен шағымы бірінші кезекте қарастырылады.

Кеңсе жетекшісі инвесторларға болашақта кімдермен жұмыс істейтінін анықтау үшін мемлекеттік ұйымдармен бірлесе әріптестерінің аты-жөні немесе кәсіпкерлердің тіркелген нөмірі бойынша талдау жүргізу ұсынысын айтты. Оның айтуынша, жүйе инвестордың болашақта қандай жағдайға ұшырайтынын, қандай адаммен жұмыс істейтінін, "Ол адам табыс әкеле ме немесе инвестициялық жобаны құрта ма?" деген сауалдарға жауап береді.

Өзгелердің жаңалығы