Индонезия президенті Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады

8 Тамыз 2019, 12:28
2807
Бөлісу:
Индонезия президенті Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Индонезия президентіне сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Истана Мердека» Президент сарайында Қазақстан Республикасының елшісі Данияр Сарекеновтың Индонезия Республикасының президенті Жоко Видодоға сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

2b.jpg

"Рәсімнен кейін болған сұхбат барысында елші Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2050 Стратегиясы аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы мәлімдеп, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі мемлекет және экономика болып саналатын Индонезиямен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын растады", - делінген хабарламада.

Индонезия президенті Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, астананы көшіру және Нұр-Сұлтанның дамуы жөніндегі қазақстандық тәжірибеге ерекше қызығушылық білдірді. Жоко Видодо Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін растады және елшіге дипломатиялық миссиясында сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Данияр Сарекенов екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және оларды жаңа жоғары деңгейге шығаруға бар күшін салатынына сендірді.

Өзгелердің жаңалығы