Бас жаңалықтар
Алматыдағы автотұрақтардың бағасы төмендетілді
15 Сәуiр 2019, 16:18 285

Алматыдағы автотұрақтардың бағасы төмендетілді

Алматы, BAQ.KZ. Прокуратураның араласуымен қаладағы бір сауда үйі мен бірнеше базардағы автотұрақ тарифтері 300-ден 100 теңгеге дейін төмендетілді. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Прокурорлар қаланың коммуналдық меншігіне жататын аймаққа тексеру жүргізу барысында автотұрақ тарифтеріне қатысты бірқатар заң бұзушылықты анықтаған.

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы «Жол қозғалысы туралы» қаулысына сәйкес көлік құралдарын тұраққа қою тарифы сағатына 100 теңге болу керек.

«Тұрақ бағасына қатысты талаптар қаладағы «Адем» Сауда үйі мен 14 базарда бұзылған. Атап айтар болсақ «Алатау-1», «Алатау-2», «Алмалы», «Ақбұлақ», «Арлан», «Байсат», «Барыс», «Батыр», «Болашақ», «Қазына», «Олжа», «Рахат», «Сәлем», «Ялян» базарларында автотұрақ тарифтері сағатына 300 теңгені құрап келген. Қазіргі уақытта заң бұзушылықтың алды алынып, автотұрақтағы тариф бағалары жергілікті қаулыға сәйкестендірілді», - делінген хабарламада.




Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық