Пробация есебіндегі азаматтарға азық-түлік таратылды

19 Қаңтар 2021, 21:32
1544
Бөлісу:
Пробация есебіндегі азаматтарға азық-түлік таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Шиелі аудандық пробация есебіндегі азаматтарға жеке кәсіпкер азық-түлік таратты.

Есептегі екі азаматта тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар. Оларға бірінші кезекте қажетті ұн, қартоп, күріш, пияз және өзге де азық-түрлері таратылып берілді. Көмек алған есептегі азаматтар жомарт азаматтарға алғыс айтуда.

«Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасау – әрбір адамның борышы, яғни аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж жандарға көмек ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Есептегі азаматтардан басқа да тұрмыс жағдайы төмен аудан тұрғындарына қолымнан келгенше көмек көрсетемін»,- деді жеке кәсіпкер.

Жеке кәсіпкерлер тарапынан осындай игі істер жиі ұйымдастырылып тұрады. Алдағы уақытта қайырымдылық шаралар жалғасын табатын болады, - деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қайрат Байгенжеев.

Өзгелердің жаңалығы