Приозёрск қаласының оқушыларын ежелгі заманның әдеби жәдігерлерімен таныстырады

17 Қыркүйек 2019, 05:33
1731
Бөлісу:
Приозёрск қаласының оқушыларын ежелгі заманның әдеби жәдігерлерімен таныстырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Приозерск қаласында № 1 ЖОББМ-де «Ежелден жеткен жәдігерлер» атты әдеби үйірме ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Орта және жоғары сынып оқушылары ежелгі жазушылардың шығармалары арқылы рухани мәдениет пен ұлттық құндылықтар туралы көбірек біле алады.

"Әр халықтың тарихи жолы ұлттық салт-дәстүрлер негізінде құрылады", - деп атап өтті үйірме жетекшісі Гүлмира Қасымова.

Оқушылар Алтын Орда дәуірінің ойшылы Саиф Сараидің «Түркше Гүлстан» поэмасының желісі бойынша көрініс көрсетті. Сонымен қатар, орта ғасырдағы белгілі философ-ақындардың - Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи шығармаларынан өлеңдер мен үзінділер оқыды.

Жас ұрпаққа Ұлы Дала тарихы туралы әлемдік өркениетке үлес қосқан қайраткерлердің шығармашылығы арқылы білгендері пайдалы болмақ, деп санайды жобаның бастамашылары. Үйірмеге қатысушылар аз танымал авторлардың шығармаларымен танысады.
Өзгелердің жаңалығы