Президенттікке кандидаттар кірістері мен мүлкі туралы анықтама тапсыруы тиіс

10 Сәуір 2019, 17:21
2417
Бөлісу:
Президенттікке кандидаттар кірістері мен мүлкі туралы анықтама тапсыруы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттікке кандидаттарға ұсынылған тұлғалар өзінің және жұбайының кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны жөнінде кіріс органының анықтамасын тапсыруы тиіс. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

«Президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін ұсынушылар ұсынылатын айдың бірінші күніндегі, яғни 01.04.2019 жылдағы жағдай бойынша өзінің және жұбайының кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасын, сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды тапсыруы қажет», - деп айтты Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров. 

Константин Петровтың айтуынша, президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы 2019 жылдың 10 сәуірде басталып, 28 сәуір күні сағат 18.00-де аяқталады. Ал кандидаттарды тіркеу 2019 жылдың 11 мамыры күні сағат 18.00-де аяқталады. Тапсырылған декларацияда кандидаттардың кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің жалғандығы анықталса, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеудің күшін жояды. Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталған күннің ертеңіне, яғни 11 мамыр күні үгіт-насихат жұмыстары басталады.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылап, Қазақстан президенттігіне кандидаттардың кем дегенде 114 мың қол жинауы қажет екенін айтқан болатын.  

Сондай-ақ, президенттікке үміткерлер төлеуі тиіс сайлау жарнасы 2 млн 125 мың теңгені құрайтыны туралы жазғанбыз.
 

Өзгелердің жаңалығы