Президенттікке үміткерлер төлеуі тиіс сайлау жарнасы 2 млн 125 мың теңгені құрады

10 Сәуір 2019, 16:12
4084
Бөлісу:
Президенттікке үміткерлер төлеуі тиіс сайлау жарнасы 2 млн 125 мың теңгені құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттікке кандидаттардың сайлау жарнасы 2 млн 125 мың теңгені құрады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

«Сайлау жарнасы 50 ең төменгі жалақыны құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл ең төменгі жалақы 42500 теңгені құрады. Соған сай сайлау жарнасының сомасы 2 млн 125 мыңға тең. Сайлау жарнасы лауазымға сайланған жағдайда болмаса жалпы сайлауда 5 пайыз дауысты жинаған жағдайда кандидатқа қайтарылады», - деп айтты сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Петров. 

Кандидаттардың Конституцияда және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылатын заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтауды Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтінішімен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап бес күн ішінде жүзеге асырады. Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталған күннің ертеңіне, яғни 11 мамыр күні үгіт-насихат жұмыстары басталады. 

Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы 2019 жылдың 10 сәуірде басталып, 28 сәуір күні сағат 18.00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 11 мамыры күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады.


Өзгелердің жаңалығы