Бас жаңалықтар
Президент Жолдауын іске асырудың алғашқы қорытындылары айтылды
09 Желтоқсан 2019, 15:05 2772

Президент Жолдауын іске асырудың алғашқы қорытындылары айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың алғашқы қорытындыларын талқылауға арналған ғылыми-практикалық конференция шеңберінде пленарлық отырыс өтті.

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдық пікірталастың, сондай-ақ Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған заңнамалық сипаттағы қолданылып жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Баршаңызды келе жатқан төл мерекеміз - Тәуелсіздік күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы өзінің ерекшелігі, өзінің көрнекілігімен байқалады. Қазақстан халқына Жолдауында ҚР президенті Қазақстанның эволюциялық, үздіксіз және құзыретті өзгерістер арқылы нағыз "әлеуметтік мемлекет" болуға ұмтылысын айқындады. Президенттің ұсынған "еститін мемлекет" тұжырымдамасы азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін билік пен қоғамның тұрақты диалогын құру негізінде жатыр. Алғашқы қорытындылар туралы айтқанда "қандай бағытта және дұрыс бара жатырмыз ба, қоғам бізден не күтеді?" деген сұрақтар маңызды болып отыр. Жолдауда қойылған тапсырмалар бойынша нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр. Заң жобалары қабылданды. Жыл соңына дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырмалар көрініс табатын мемлекеттік құжаттар қабылданады, - деді ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 

Сондай-ақ, пленарлық отырысқа ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...