Президент: Жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін

7 Сәуір 2021, 16:22
2154
Бөлісу:
Президент: Жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы – адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр. Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылы 1 қаңтардан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін, - деп жазды Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы