Бас жаңалықтар
Президент телерадиокешенінің Тelegram арнасы іске қосылады
03 Тамыз 2020, 12:46 245

Президент телерадиокешенінің Тelegram арнасы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚР Президентінің телерадиокешені" КЕАҚ өзінің PTRK.KZ Telegram-арнасын іске қосады.

Контент тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының құжаттық жылнамасын ұсынатын бірегей мұрағаттық сурет және бейнематериалдарды пайдалана отырып, осы коммуникациялық платформаның ерекшеліктері ескеріле жүргізілетін болады.
ҚР Президентінің телерадиокешені замануи Қазақстан дәуірінің мультимедиалық жылнамасы ретінде өз Telegram-арнасын ашады, ол арнада тек бізде сақталған бірегей және сирек кездесетін кадрларды ұсынамыз, – дейді Телерадиокешеннің бас директоры Раушан Қажыбаева.
Өткен жылдардағы бейтарап "куәгерлер" ретінде эксклюзивті бейнелер мен сирек кадрлар табиғи байлығы мен қайталанбас ландшафттары және жерінің аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған халықтың үздік өкілдері, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы баяндайды.

Telegram-арнадағы ерекше бөлімнің бірі – Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың өмірбаянына, қызметтік мансабына, қазіргі қызметіне қатысты эксклюзивті материалдар орналастырылатын айдар.

Раушан Қажыбаеваның айтуынша, ресурстың эксклюзивті контенті қоғамдық-саяси деректі фильмдер форматында шығарылған Телерадиокешеннің деректі фильмдерінің қызықты фрагменттерімен, сондай-ақ, Телерадиокешеннің YouTube арнасының бейнеөніміне сілтемелермен толықтырылады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...