Президент мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу қажет екенін айтты

15 Қаңтар 2021, 10:26
1638
Бөлісу:
Президент мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу қажет екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылу барысында айтты. 

Көздеген мақсатқа жету үшін барлық салада дәйекті өзгерістер жасаймыз. Ол үшін мынандай мақсаттарға көңіл бөлуіміз қажет: Бірінші – ұлттық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Бұл - өте өзекті міндет. Соған орай, мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу айрықша маңызды. Осы бағыттағы реформалар жүйесін байыппен орталықсыздандыруды, мемлекеттік ақпаратты жаңғыртуды, квазимемлекеттік секторды оңтайландыруды және барлық үдерісті цифрландыруды қамтиды, - деді ол. 

Президент сол арқылы мемлекеттік ақпарат барынша ықшам, ашық әрі тиімді болатынын айтты. 

Ал шешім қабылдау үдерісі икемді әрі айқын болады. Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес. Бұл – аксиома. Осы орайда сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін реформаны соңына дейін жеткізуіміз керек, - деді ол. 

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Өзгелердің жаңалығы