Президент коронавирус туралы: Жағдай жақсаратын емес

19 Шілде 2021, 15:41
3579
Бөлісу:
Президент коронавирус туралы: Жағдай жақсаратын емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысының қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр. Ақорданың баспасөз қызметі twitter-де отырыстың мәтіндік трансляциясын жүргізуде.

Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиилық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі, - деді Президент отырыста.

Мемлекет басшысы өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта екенін айтты.

Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады. Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы