Бас жаңалықтар
Президент Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына Елбасы кандидатурасын ұсынды
PHOTO
12 Қазан 2021, 13:04 443

Президент Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына Елбасы кандидатурасын ұсынды

Нұр-Сұлтан BAQ.KZ тілшісі. Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтуде.




Отырысқа 11 Азия мемлекетінің Сыртқы істер министрлері қатысуда.


Данагөйлер кеңесі туралы құжатты бүгін  қабылдауымыз қажет. Қатысушы мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдап отыр. Қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттар ұсынылуда. Бүгін біз Данагөйлер кеңесінің жаңа ережесін бекітеміз, - дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин. 

Кездесу барысында АӨІСШК Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды.


Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды, - деді  Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.


Айта кетейік, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы конференциясы 11-12 қазан аралығында өтеді.




Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...