Бас жаңалықтар
Президент белгілеп берген міндеттер заманауи сын-қатерге негізделген – Мамин
02 Қыркүйек 2021, 10:31 247

Президент белгілеп берген міндеттер заманауи сын-қатерге негізделген – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарын белгілеп берді. Президент белгілеп берген міндеттер мен бастамалар қоғамның сұранысы мен заманауи сын-қатерге негізделген, - деді Асқар Мамин.

Премьер айтқандай, олардың іске асырылуы экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырудың, халықтың әл-ауқатының артуы мен тұрмыс сапасының жақсаруының факторларына айналмақ.

Жолдауда Үкімет жұмысының нақты бағыты белгіленген. Қазіргі даму жағдайларында біз нақты, әрі үйлесімді әрекет етуіміз қажет. Жолдаудың негізгі басымдықтарының бірі азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсартып, әл-ауқатын арттыру болып табылады. Жолдауда халықтың нақты табысын арттыруға және де қаржы қаражатын жинақтауға ынталандыруға бағытталған нақты шаралар көзделген, - деді ол.

Мамин атағандай, алға қойылған міндеттерді шешу денсаулық сақтау және халықтың денсаулығын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Мемлекет басшысы ұсынған шаралар білім берудің сапасын және қолжетімділігін жақсартуды, оның ішінде экономика салалары үшін сұранысқа ие мамандарды дайындауды қамтамасыз етеді, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.


Фото: дереккөз
Загрузка...