Президент Азия қаламгерлерінің біртұтас электрондық кітапханасын құруды ұсынды

4 Қыркүйек 2019, 10:50
1844
Бөлісу:
Президент Азия қаламгерлерінің біртұтас электрондық кітапханасын құруды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия елдері қаламгерлерінің І форумын ашты. Мемлекет басшысы өз сөзінде Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электрондық кітапханасын құруды ұсынды.

«Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электрондық кітапханасын құратын уақыт жетті. Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынаның есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болары сөзсіз. Осындай игі бастамаларды іске асыру жұмысы қаламгерлерімізді біріктіріп, Азия әдебиетін жаңа белеске шығарады деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан президенті «қазақ әдебиеті - халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына» деген болатын. Сондай-ақ, Тоқаев «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды.
Өзгелердің жаңалығы