Үйдің ауласынан қол арбаны ұрлаған жасөспірімдердің видеосы желіде хитке айналды

4 Қыркүйек 2019, 10:39
2059
Бөлісу:
Үйдің ауласынан қол арбаны ұрлаған жасөспірімдердің видеосы желіде хитке айналды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Краснодар өңірінің Белореченск қаласында бақшадан қол арбаны ұрлап бара жатқан жасөспірімдердің видеосы желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды, деп хабарлады РИА Новости.

Аталмыш «қылмыс» үйдің ауласына орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.


Кадрларда екі жеткіншектің жабық тұрған үйдің қақпасынан қол арбаны алып шығу үшін әртүрлі тәсілдерді қолданып жатқаны байқалады. «Ұрлау операциясы» барысында орындық, үстел, тіпті баспалдақ та қолданылды. Бірнеше минут бойы қол арбамен алысқан балалар ақыр соңында оны қақпадан асырып жіберді.

Видеоның соңғы бөлігінде «қылмыскерлердің» кішісі қол арбаға отырып, үлкені оны сүйретіп бара жатқаны түсіп қалған.

«Россия 24» телеарнасында 3 қыркүйекте көрсетілген роликті желі қолданушылары 2 млн-нан астам рет қарап шыққан.

Видеоның астына комментаторлар әртүрлі жазбалар қалдырған. Біреулер оларды мысқылдаса, екіншілері балалардың жасаған «қылмысы» заңмен қудаланатынын атап өтті.

«Қол арбаны ұрлап, рюкзактарын тастап кетті», - деп жазды Анастасия Ординарцева.

«Қол арба қалайша «тірі» қалды», - деп атап өтті Олеся Олеговна. 

Өзгелердің жаңалығы