Португалияда коронавирусты жоятын маска жасалды

26 Шілде 2020, 10:18
2773
Бөлісу:
Португалияда коронавирусты жоятын маска жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Масканың матаға түскен коронавирус инфекциясын 99%-ға бейтараптандыратын белгілі бір инновациялық жабыны бар.

Лиссабон молекулалық медицина институты COVID-19 коронавирусын бейтараптандыруға қабілетті алғашқы қорғаныс маскасын әзірлеп шыққанын жариялады, деп жазады La Razón газеті.

Бұл жоғары тиімді көп реттік маска түрлі су өткізбейтін қабаттардан тұратын арнайы матадан жасалған. Жүргізілген сынақтар масканың коронавирустық инфекциядан қорғау кезіндегі  тиімділігін растады.

Масканың матаға түскен SARS-CoV-2 вирусын бейтараптандыратын инновациялық жабыны бар. Ол  мата 50 рет жуылғаннан кейін де өз қалпында сақталады.

Сынақ барысында зерттеушілер коронавирустың молекулалары бар ерітіндіге масканы салып тәжірибе жасады. Нәтижесінде, бір сағаттан кейін молекулалардың 99%-ы өзіндік қасиеттерін жоғалтқан.

Өзгелердің жаңалығы