Полицейлер Жолдауды халықаралық деңгейде талқылады

12 Қазан 2020, 21:30
1818
Бөлісу:
Полицейлер Жолдауды халықаралық деңгейде талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Учаскелік полиция инспекторларының қызметін жетілдіру перспективалары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ресей Федерациясы ІІМ Барнаул және Сібір заң институттарының, Беларусь Республикасы ІІМ Академиясының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының, сондай-ақ Қостанай облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында 2020 жылғы 26 қыркүйекте «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру ерекшеліктеріне, юрисдикциялық өкілеттіктерді кеңейтуге, олардың қызметін бағалау өлшемшарттарын жетілдіруге және оны одан әрі цифрландыруға, сондай-ақ оларды жинақтау мен кәсіби даярлауға қатысты мәселелерді талқылау бөлігінде өткізілген ғылыми семинардың талқылауы жалғастырылды.

Сонымен қатар, осы саладағы шетелдік оң тәжірибе талқыланды.

Жұмыс қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторларының қызметін жақсарту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.

Консенсусқа қол жеткізілмеген жекелеген ұсыныстарды талқылау ағымдағы жылдың 23 қазанында өтетін «Қазіргі кезеңдегі ішкі істер органдарын ұйымдастыру және олардың қызметі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде жоспарланады.

Өзгелердің жаңалығы