Пневмониядан хоккей федерациясының тұңғыш президенті қайтыс болды

28 Маусым 2020, 12:11
1726
Бөлісу:
Пневмониядан хоккей федерациясының тұңғыш президенті қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 маусым күні 82 жасында Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының тұңғыш президенті Анатолий Злотников қайтыс болды.

Ол 1992-1997 жылдар аралығында Қазақстан хоккей федерациясын басқарды. 90-жылдардағы қиын кезеңде федерацияны аяғынан тұрғызды. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан хоккейі алғаш рет халықаралық ынтымақтастықты дамыта бастады. Әлемге қазақ хоккейін мойындатты.

2000-жылдары ол Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы төрешілер алқасының төрағасы және республикалық чемпионатты дамыту жөніндегі маманы болып тағайындалды. Анатолий Петрович екі апта бойы екі жақты пневмониямен ауырған. Қазақстан хоккей федерациясы Анатолий Петровичтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген федерацияның инстаграмдағы парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы