Pfizer вакцинасының 29 250 дозасы Павлодар облысына жеткізілді
PHOTO
19 Қараша 2021, 19:06 88

Pfizer вакцинасының 29 250 дозасы Павлодар облысына жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Препарат Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың орталық қоймасындағы арнайы мұздатқыш камераларға қойылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Павлодар облысына Pfizer компаниясы «Комирнати» вакцинасының 29250 дозасы әкелінді.

Бірінші компонент Павлодарға ұшақпен жеткізілді. Бүгінгі таңда Павлодар облысында «Комирнати» вакцинасын 63180 адам ала алады. Алғашында 9917 адамды: 16-17 жас аралығындағы 6076 баланы, 16-37 апталық 1508 жүкті әйелді және бала туғанынан кейін 42 күн өткен 2333 әйелді егу көзделген, - дейді баспасөз қызметінің өкілі.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасында айтып өткендей, өңірде препаратты Цельсий бойынша -90-нан -60 градусқа дейінгі температурада сақтауға барлық жағдай жасалған. Вакцинаны облыстың екпе егу пункттеріне жеткізу бойынша арнайы стратегия қабылданған.



Балалар мен болашақ аналарды тегін егуге арналған дозалар саны анықталғаннан кейін екпе аламын деушілер Pfizer препаратын сатып алуларына болады. Алайда оның бағасы әзірше белгісіз.


Фото: дереккөз
Загрузка...