Pfizer екпесі Таразға қараша айында келеді
29 Қазан 2021, 19:44 119675

Pfizer екпесі Таразға қараша айында келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздық 1-6 жас аралығындағы балалардың – 85%-дан астамы, 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 %-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. 190 оқушы инклюзивті білім алуда. Бүгінде мектеп оқушылары офлайн форматта оқуда. Денсаулығына байланысты ата-аналардың өтінішімен 473 оқушы онлайн білім алып жатыр. 

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев айтты. Оның мәліметінше, «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша 7 мектепке 50,8 млн теңге бөлініп, турникеттер орнатылуда.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай облыста алғаш қолға алынған «Жомарт түлек» жобасының маңызы жоғары. Жоба аясында Тараз қаласының мектептерінде тұңғыш рет «Белсенді түлектер», «Түлек жолы», «Менің идеалым» кіші жобалары жүзеге асты. Барлығы 14 млрд теңгеге көмек көрсетілді. «Мейірім» жобасы аясында қаладағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, мамандық алып жұмысқа орналастыру, отбасын құру, тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде. Бүгінде Тараз қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 583 бала тіркелген, - деді Ержан Жұматұлы.

Ол бұқаралық спортпен айналысушы тұрғындар санын жыл соңына дейін 33 %-дан 35 %-ға жеткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Қазір қалада 630 спорт нысаны жұмыс істеп тұр. 

Коронавирус індетінің таралуы туралы баяндаған қала әкімі тамыз айында тәулігіне 15-180 адам ауырса, қыркүйек айында 70-80 адам арасында тіркелгенін алға тартты. Ал бүгінде бұл көрсеткіш тәулігіне 15-20 адамнан анықталуда. 

Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда ем қабылдаушылар саны 162 науқасты құрайды. Вакцина салу жұмыстары әлі нашар. Қалада 14 егу пункті жұмыс атқаруда, екпе алған тараздықтар саны 196 988-ге немесе 76,5 %-ға жетіп отыр. Жақында бізге Pfizer екпесі келеді. Бұл - 12 жастан асқан балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынатын әлемдегі ең қауіпсіз вакцина, - деді Е.Жылқыбаев. 

Оның пайымынша, халық санағы – үлкен саяси науқан. Оның маңызы зор. Қазіргі халық саны күннен күнге артуда, нақты адам санын анықтау облыс, қала үшін үлкен маңызға ие. 28 қазан бойынша Тараз қаласында онлайн санақтан 404 853 адам немесе қала халқының 110%-ы өтті. 



Фото: дереккөз
Загрузка...