Пештің жанында байланып отырмайды. Көлгінов газдандыру туралы айтты

30 Маусым 2021, 12:55
2402
Бөлісу:
Пештің жанында байланып отырмайды. Көлгінов газдандыру туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Газдандыру Елбасының тарихи жобасы және ол Президенттің тікелей бақылауында тұр. Сондықтан ол қарқынды жүргізілуде. Былтыр 350 шақырым газ құбырын тарттық. Жалпы 43 мың отбасыға газ тартылды. Биыл 317 газ құбырын тартуымыз керек, оның 200 шақырымы аяқталды, - деді елорда әкімі.

Оның айтуынша, газ құбырлары жеткізіліп, «ҚазТрансГазАймақпен» белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Газға өтудегі алғашқы мәселе – қауіпсіздік. Техникалық талаптарды орындау керек. Ол бойынша рұқсаты бар компаниялар жұмыс істеп жатыр. Газдандырудың жеңілдігі мол: бейнеттен құтыласыздар, денсаулыққа пайдалы, пештің жанында байланып отырмайды. Қауіпсіздік мәселесі де едәуір артатын болады. Елордалықтар бұрынғыдай отын жарып, күл шығармайды. Сондықтан тұрғындарды белсенділік танытып, газға тезірек қосылуға шақырамыз. Бұл елорданың экологиясы мен тұрғындардың денсаулығына оң әсерін тигізеді, - деді Алтай Көлгінов. 

Қала әкімі қалған жұмыс жоспар бойынша 2022-2023 жылы аяқталатынын айтты.

Айта кетейік, ол биыл елорда кәріздерінен 135 мың тонна қоқыс шыққанын бұған дейін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы