Биыл елорда кәріздерінен 135 мың тонна қоқыс шыққан

30 Маусым 2021, 12:47
2232
Бөлісу:
Биыл елорда кәріздерінен 135 мың тонна қоқыс шыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Биыл 115 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Оның 40-ы тұрғын үй массивтерінде болады. Көліктерді дұрыс ұйымдастыру үшін қосымша көпір салынады. Қазір 27 көшедегі 2 көпір аяқталып жатыр. Олар Нұра-Есіл және Есіл арқылы жаңа вокзалға шығатын көпірлер. Бұл сол жағалау мен оң жағалау арасындағы кептелісті азайтады. Бұл көпір биыл аяқталады. Қазір тиісті процедуралар жүргізіліп жатыр. Мердігер компаниямен қиындықтар туып, сот арқылы шешім қабылданды, - деді ол.

Көлгінов Тәуелсіздік даңғылы бойынша Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы биыл басталатынын айтты.

Егер құрылыс биыл басталса, ол 2 жылда аяқталады. Инженерлік жүйелерге келетін болсақ, шағым көп болды. Біз құбырларды екі есеге кеңейтіп, кәріздерді тазаладық. Проблемалық Бауыржан Момышұлы даңғылы, Тұран, Республика, Бараев көшелеріндегі желіні жақсарттық. Осындай жерлер әлі де бар. Бастапқыда жауын-шашын кезінде су жиналатын 130 жерді анықтадық, - деді ол.
Қала әкімі «Елода-экожүйе» қызметі күн сайын кәріз тазалаумен айналысатынын айтты.
Биыл кәріз жүйелерінен 135 мың тонна қоқыс шығарылды, - деді ол.
Бұған дейін Алтай Көлгінов биыл елордалықтарға қанша пәтер берілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы