Пермьдегі атыс: Зардап шеккен және қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?

21 Қыркүйек 2021, 17:00
14746
Бөлісу:
Пермьдегі атыс: Зардап шеккен және қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетіндегі атыс кезінде зардап шеккен және қаза тапқан қазақстандық студенттер жоқ. 

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазан қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық окургі бойынша қазақстандық студенттердің жалпы саны шамамен 5 мың адам. Ал Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде 22 қазақстандық студент оқиды. Университетте болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандық студенттер жоқ, - деп атап өтеді ведомстводан. 
Еске салсақ, кеше Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан 8 адам қаза тапты.


Өзгелердің жаңалығы