Павлодарлық ерекше лагерьде балалар өсімдіктер әлемін зерттейді

23 Маусым 2019, 09:44
1741
Бөлісу:
Павлодарлық ерекше лагерьде балалар өсімдіктер әлемін зерттейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазғы лагерді ұйымдастыру жұмыстары аясында профильді лагерьлер жұмыс істеді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Солардың бірі 5-6 сыныптарға арналған «Өлкетану». Аталған лагерьдің бағдарламасын география пәнінің мұғалімі Татьяна Степовая құрастырған. Барлығы 15 бала келді. Оқушылардың негізгі жұмысы – егін егу. Бұл балардың өсімдіктер дүниесін меңгеріп, білімін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, мектепте теориялық тұрғыда өткен тақырыптарды практикалық түрде меңгереді», - дейді облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат.

Егіндік тәжірибесі оқушыларды түрлі табиғи ресурстармен таныстыру, егістік жұмыстарын түсіндіру, компонентарлық байланыстарды көрсетіп, маусымдық және көпжылдық өсімдіктердің атропогендік өзгерісін де түсіндіру сияқты тапсырмалардан тұрады.

Практика барысында балалар география, топограф, ландшафшылардың жұмысымен танысып, аэрофотосуреттер мен топографиялық карталарды көреді, тұрғылықты жердің картасын жасап, ботаникалық бақтарды табады. Сондай-ақ, ғылыми зерттеу жұмыстары, жеке оқу тапсырмалары, өңдеу істері, сараптама жасау, егістікті бақылау, ғылыми модельдер әзірлеу, карта, профильдер мен графиктерді үйренеді.

Географиялық практикум оқушыларды өздігінен ізденуге, жаңа білімді меңгеруге баулиды. Өзінің тұрғылықты мекенжайының ерекшелігін көріп, зерттеу жасауға мүмкіндік береді. Осылайша «Географиялық білімнің дәні» бала бойына егіліп, оқу процесінде үлкен көмек көрсетеді және тақырыпты меңгеруіне мүмкіндік туғызып, қызығушылығын арттырады.

Өзгелердің жаңалығы