Павлодарлық балалар патриоттық әндерді шырқап сынға түсті

13 Қыркүйек 2020, 09:38
1585
Бөлісу:
Павлодарлық балалар патриоттық әндерді шырқап сынға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқауда 15-тен астам бала бақ сынады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, кәсіби шеберлікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Павлодар қаласының балалар музыка мектебі «Нұрлы жол» патриоттық әндер байқауын өткізді. Байқауға музыка мектебінің, жалпы білім беретін мектептердің 7-16 жас аралығындағы оқушылары арасынан 15-тен астам қатысушы бақ сынады, - деді қалалық білім беру бөлімінде. 

Байқау 2 номинация бойынша өтті: «Академиялық вокал» және «Эстрадалық вокал». Қазылар алқасы қатысушылардың музыкалық деңгейін, дыбысталу сапасын, тембрдің сұлулығын, бейненің көркемігін бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша 8 қатысушы гран-при алды. «Академиялық вокал» номинациясы бойынша бас жүлдені Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің оқушылары иеленді: 7-9 жас аралығындағы кіші топта Аврора Осокина мен Самина Зейнолла, 10-12 жас аралығындағы орта топта Сәния Усина, 13-16 жас аралығындағы ересек топта Әділ Бекімұрат пен Анель Ақылбекова.

Ал, «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша 7-9 жас аралығындағы кіші топта №9 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Тимур Кымбатов, 13-16 жас аралығындағы жоғарғы топта №20 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Айнұр Жұмабаева, Жетекші ЖОМ 11-сынып оқушысы Баян Сейтботтал жеңімпаз атанды. Олардың орындауында Тоты Бейсенованың репертуарынан «Қазақстан», «Домбыра», «Сарын тобы» тобының репертуарынан «Қазақ елі», Айқын Төлепбергеннің репертуарынан «Туған жер», «Маралдым», «Индиго» тобының репертуарынан «Алтын бесік» әндері шырқалды.

Өзгелердің жаңалығы