Павлодарда балалар жағажайы ашылады

30 Мамыр 2020, 01:41
1916
Бөлісу:
Павлодарда балалар жағажайы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда Усолка шағын ауданында балалар жағажайы ашылады. Бұл туралы орталық жағажайға жүргізілген рейдте қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Талғат Бертыбаев айтты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Усолкада балалар жағажайы ашылады. Ол жерде судың тереңдігі ескеріліп, қоршаулар қойылады. Бұл коммуналдық жағажай болады. "Ломакин" жекеменшік жағажайынан басқа, тағы екеу болады деп жоспарлануда. Соңғы демалыс күндері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Рейд шаралары кезінде қызметкерлер жағажайда жүріп, жадынамалар таратады, қайықпен патруль жүргізіледі және дауыс зорайтқыш құралымен ескертіледі. Рейд барысында жасалатын ескертулерді тұрғындар әртүрлі қабылдайды. Кейбір азаматтар бірден түсіністік танытатын болса, енді бірі мінез көрсетіп жатады. Көбінесе 20-40 жастағы ересектер мен 12-15 жастағы балалар жүреді, - деп мәлімдеді Талғат Бертыбаев. 




Бүгінде қаладағы жағажайлар демалушыларды қабылдауға дайын емес. Себебі, судың түбі зерттелмеген және судың сапасы бойынша қорытынды алынған жоқ. Мұндай рейд күнделікті таңертең және түстен кейін ұйымдастырылады.

Құтқарушылар судың түбін жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша тексереді. Судың түбі таза, шұңқырлар мен ағаш, шыны сияқты адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін заттар болмағанда ғана жағажайды ашуға рұқсат беріледі.
Мысалы, ауылдық аймақтарда көпір артындағы "Автомобилист" сияқты жағажайлар бар, бірақ олардың түбі тазартылмаған және шұңқырлар бар.  Жалпы су өздігінен тазарып отырады. Қар еріген кезде ағаштар түседі. Сондықтан ТЖД жағажайды ашпас бұрын жабдықталуы мен демалушыларды қабылдауға дайындығы тексереді. Міндетті түрде құтқару бекеттері, шеңберлер, қайықтар, қоғамдық құтқарушылар болуы тиіс. Жергілікті полиция қызметімен тыйым салынған орында шомылу және қоғамдық орында спирттік ішімдік тұтыну фактілері бойынша жауапкершілікке тарту қарастырылған, - деп атап өтті Талғат Бертыбаев.
 
Өткен жылы Павлодарда үш коммуналдық жағажай болған. Оның екеуі – Ертіс жағалауында, біреуі – Усолка шағын ауданында. Сондай-ақ құтқару станциясына қарсы орналасқан "Ломакин" ЖК.

Бұған дейін ТЖД мамандары аймақта 10 маусымға дейін суға шомылуға болмайтынын ескерткен. Өңірде жағажайлар әлі тазартылмаған және тиісті белгілер орнатылмаған.
Өзгелердің жаңалығы