Қарағандыда еріктілер балалар алаңдарын абаттандыруда

30 Мамыр 2020, 00:20
1773
Бөлісу:
Қарағандыда еріктілер балалар алаңдарын абаттандыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Saryarqa Jastary еріктілері балалардың ойын алаңдарын абаттандыруда. Шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылуда.

Волонтерлік ұйымдар Қарағанды облысының 40 балалар алаңын қалпына келтіріп, сырлайды және дезинфекциялайды. Жас қарағандылықтарды дәмді балмұздақпен қамтамасыз етеді.


Балаларды қорғау күні – бұл бүкіл әлемде балаларға қуаныш әкелетін мереке ғана емес, сонымен қатар қоғамның кішкентай мүшелерінің құқықтарын қорғайтын және оларды қорғауға шақыратын мереке. Балалар көшеде көп уақыт өткізеді, ойнайды. Балалар ойын алаңдары жарамсыз болып, бастапқы түрін жоғалтады. Міне, біз оларды ретке келтіріп, сырлау туралы шешім қабылдадық. Әрине, айналадағы әсемдік балалардың қиялын оятып, олардың дамуына әсер етеді, - дейді Saryarka Jastary облыстық штабының еріктісі Аида Қайырбекова.


Қайырымдылық жасауға жобаның демеушілері – облыс кәсіпкерлері де көмектесуде.



Өзгелердің жаңалығы