Павлодарда нанның орташа бағасы 75 теңгені құрайды

28 Ақпан 2019, 13:37
2038
Бөлісу:
Павлодарда нанның орташа бағасы 75 теңгені құрайды

Астана, BAQ.KZ. Павлодарлық «Inmart», «Small» және «Greenwich» супермаркеттеріндегі нанның бағасы бөлкесіне 57 теңгеден аспайды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде хабарлады.

Павлодарда бөлшек саудадағы ең қымбат нан «Павлодар нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-де бірінші сортты ұннан жасап шығарылатын «Тау-нан» немесе «Жетсулық» деп те аталатын нан. Дүкендегі нанның бір бөлкесінің бағасы 90 теңгені құрайды. Ал, қала бойынша одан арзан нан өнімдерін жасап шығарушылардың саны көп. «Inmart», «Small» және «Greenwich» сауда желілеріндегі және әлеуметтік дүкендердегі нанның бағасы 55-80 теңге аралығында.

«Жетісулық» нанның бағасы қымбаттап кетті. Наубайшылар мұны бидай мен ұнның бағасының қымбаттауымен байланыстырады. Алайда, басқа нан түрлерінің бағасы қымбаттаған жоқ. Олардың қатарында «ашытқыдағы нан», «ақ нан», «оңтүстік нан» бар. Олардың бағасы «ПНТК» өнімдеріне қарағанда анағұрлым арзан», - дейді дүкен сатушылары.

Атап өту керек, «ПНТК» Павлодар облысының нарығындағы үлесі 22 пайызды ғана құрайды. Қалған 80 пайыз облыс орталығындағы кішігірім наубайханаларға тиесілі.

«Мәселен, біздің кәсіпорындағы нанның сатылу бағасы 70 теңге. Бұл өзге наубайханаларға қарағанда анағұрлым арзан», - дейді «Аслан» ЖШС-нің өндіріс меңгерушісі Руфия Измаилова.

Қазіргі таңда жергілікті билік облыстың наубайханаларын бірінші сұрыпты ұнмен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырып жатыр. Осы мақсатта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен диірмендерді азықтық бидаймен қамтамасыз ету, сонымен қатар, өңірлік тұрақтандыру қорына бидай сатып алу үшін оны әлеуметтік маңызды тауар тізбесіне енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ертіс өңірінде бірінші сұрыпты ұннан жасалатын формалы нанның бір бөлкесі бірден 10 теңгеге қымбаттап, бұған павлодарлықтар алаңдаушылық білдіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы