Павлодарда халықтың қажеттілігін анықтайтын сауалнама жүргізілуде

12 Қыркүйек 2019, 01:45
1533
Бөлісу:
Павлодарда халықтың қажеттілігін анықтайтын сауалнама жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы тапсырмасы шеңберінде республика бойынша әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа резервтерді табу мақсатында халық арасында сауалнама жүргізу басталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Әр үйді аралап, сауалнама жүргізу барысында халықтың қажеттілігі анықталады. Адамдарға 26 сұраққа жауап беру ұсынылады. Алынған ақпарат негізінде аймақтың нақты мамандандырылған даму картасы дайындалады. Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, сауалнама арқылы қандай жобаларды жасау және қолдау керек екені, сонымен қатар, үй шаруашылығымен айналысатын халықтың көзімен нақты әлеуметтік мәселелерді анықтайтын болады. Қандай бизнес жобалар жасау қажеттілігі сарапталады.

«Құрметті Павлодар қаласы тұрғындары, сіздерге «Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шарушылық бөлімі» мекемесінің мөрі басылған айрықша төсбелгілері бар сұхбаттасушы келеді. Сауалнама ауызша түрде, растау құжаттарын сұраусыз және үй шаруашылығын тексерусіз жүргізіледі. Осыған орай, қала тұрғындарын патриоттық танытып, аталған сауалнаманы жүргізуге көмек көрсетуді сұраймыз. Тек жергілікті аналитикалық топтардың айқындықтары мен олардың жауапкершіліктері ғана нақты және объективті ақпарат жинауға көмектеседі. Айта кетейік, сауалнамаға қатысты «Open Pavlodar» фронт-офисі негізінде штаб құрылады. Жүйеге күн сайын деректер енгізіліп отырады», - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы