Бас жаңалықтар
Павлодарда электрондық денсаулық құжаттарына мәліметтер 100% енгізілді
09 Сәуiр 2019, 20:18 456

Павлодарда электрондық денсаулық құжаттарына мәліметтер 100% енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда барлық 9119 медициналық қызметкер ақпараттық жүйелер бойынша оқытылды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ержанов  денсаулық төлқұжаттарытуралы айтты.

«Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың қағаз өнімдерін үнемдеумен қатар, өзге де тиімділіктері бар. Бүгінгі күні облыстағы барлық 333 медициналық нысан интернет желісімен қамтылған. 4312 жұмыс орны компьютерлік техникамен қамтылды. Медициналық ұйымдар 20-дан астам түрлі медициналық ақпараттық жүйені қолданады (инфомед, КМИС, КА-2, РОН, Кардиокарта, Sanosoft, Bacilus). Барлық 9119 медициналық қызметкер ақпараттық жүйелер бойынша оқытылды. 765 мыңнан астам павлодарлықтың мәліметтері электронды денсаулық төлқұжаттарына толықтай енгізілді», - деді Ерлан Ержанов.

Егер 2017 жылы құжаттаманың 22 электронды формасы енгізілсе, 2019 жылы медициналық құжаттаманың 236 формасы электронды форматқа ауысты. Емханаларға цифрлық технологияларды енгізбегенге дейін дәрігердің кеңесіне жұмсалатын уақыт 37 минутты құраса, бүгінде пациенттің маршруты екі есеге азайды, яғни 16 минутты құрады.

Медициналық регистраторлар саны есебінің азаюынан үнемділік 48 млн теңгеден асты. Айта кетейік, бұған дейін облыстың медициналық ұйымдарына жыл сайын амбулаторлық карталардың, зертханалық зерттеулердің жоғалуына қатысты 300-ге жуық шағым тіркелген болса, бүгінде шағымдар мүлдем жоқ.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық