Павлодарда көлік жылқымен соқтығысты: зардап шеккендер бар
24 Қазан 2021, 16:20 8583

Павлодарда көлік жылқымен соқтығысты: зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында тасжолда автокөлік жылқымен соқтығысты. Салдарынан көлік жүргізушісі қайтыс болды, деп жазады Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы Ақтоғай ауданы Муткенов ауылының маңыздағы «Ленинский – Русская Поляна» автожолының 87-шақырымында болған. Жылқыға соғылған автокөліктің тізгінінде 57 жастағы жүргізуші болған. 

Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілген. Апат дерегі бойынша тексеріс жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Полиция жылқының иесін анықтады. 45 жастағы ауыл тұрғынына қатысты қолданыстағы заңнама шеңберінде іс-шара қабылданды, - делінген хабарламада.

Бұрын осыған ұқсас апат Жамбыл облысында болған еді. Кешкі уақытта автокөлік тасжол бойында жылқымен соқтығысты. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...