Павлодар облысында қоймалардан полицейлердің 508 ала таяғы табылды

3 Қыркүйек 2019, 08:53
5392
Бөлісу:
Павлодар облысында қоймалардан полицейлердің 508 ала таяғы табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олар жолдағы қозғалысты реттеу үшін ғана қолданылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында жол патрульдік қызметінің 508 қызметкері ала таяқтарды қайтадан қолға алды. Аймақтық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, оларды тек жол қозғалысын реттеу кезінде ғана қолданады.

BOV_02-09-19_17-44(3).jpg

"1 қыркүйектен бастап күнделікті жұмыс үшін ала таяқтар қайтарылды. Олар тек қана жол қозғалысын реттеу үшін пайдаланылады, көбінесе түнде ауа райы нашар және нашар көріну, сонымен қатар, ЖКО, техногендік, табиғи апаттар кезінде көлік құралдарын бұру, автокөлік құралдарының колонналарын алып жүру, лаңкестікке қарсы операцияларды жүргізу кезінде қолданылады. Көлік құралдарын тоқтату үшін ала таяқтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады", - деп нақтылады полковник.  

Жасқайрат Қайыров ала таяқтар сатып алынбағанын, 2017 жылы тапсырған қоймалардан алып шыққанын айтады. Департаментте екі жылдан кем қызмет ететін қызметкерлерді ала таяқтарды қолдануға үйрете бастады.

BOV_02-09-19_17-44(2).jpg

Қазір полицейлер теорияны қайталайды, кейін жол қиылысындағы бағдаршамдарды өшіру кезінде білімдерін тәжірибе жүзінде бекітеді. Оқыту бір аптаға созылады. Ала таяқтарды пайдалану жүргізушілер үшін реттеушінің қимылдарын қабылдауды жақсартады және жолдағы қауіпсіздікті арттырады.

"Қызметкерлерге ала таяқтарды қайтару алдында бұл мәселе қызу талқыланып, халықпен келісілген, автоәуесқойлардың 70%-ы қызметкердің реттеу кезінде көрінбейтінін айтты. Сондықтан азаматтар ЖҚЕ үйреніп, реттеушінің ым-әрекетін түсінуі керек. Себебі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабына сәйкес реттеушінің іс-әрекетін орындамағаны үшін 10 АЕК немесе 25 мың теңге айыппұл қарастырылған", - деп атап өтті полковник.

BOV_02-09-19_17-44(1).jpg

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда полиция қызметкерлері жол патрульдік қызметіне арналған  ала таяқтарды 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап алып тастады. Алайда, ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазақстандықтар жол қиылыстарында реттеушілердің таяқшасыз көрінбейтініне шағымданды.

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап полиция қызметкерлері жол қозғалысын кеудешелер мен жарық шағылыстыратын қолғаптар пайдаланып, ысқырық пен қосымша сигнал беру арқылы реттейтін болды.




Өзгелердің жаңалығы