Павлодар облысында оттегі стансаларының саны алты есе көбейеді

15 Қазан 2020, 17:13
1282
Бөлісу:
Павлодар облысында оттегі стансаларының саны алты есе көбейеді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен, коронавирустық инфекцияның екінші кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

Еске салсақ, өңірде карантин кезінде ауруханалардың жүктемесі 98%-ға жетті. Сол себепті ауруға қарсы шаралар тоқтатылған жоқ. 

Кешенді жоспар шеңберінде аймақта оттегімен қамтитын нүктелердің саны алты есеге артпақ. Бұған дейін 228 орын жұмыс істесе, алдағы уақытта олардың саны 1400 нүктеге жетпек. 

Аймақтағы медицина мекемелерінде жасанды желдету аппараттарының саны екі есеге ұлғайтылды. Ал жыл соңына дейін үш есеге арттыру көзделуде. Бұл игілікке қаржы бар. Стационарлар мен дәріханалардағы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан тұрақтандыру қорын құру мақсатында 2,5 млн теңгенің дәрілері сатып алынды. Қазіргі уақытта 200 төсекке шақталған модульдік инфекциялық аурухана мен 600 орындық инфекциялық корпустың құрылысы жүріп жатыр, - дейді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов. 

Облыста індеттің екінші толқынына дайындық шеңберінде екпе салу жұмыстары басталды. Бірінші кезекте диспансерлік есепте тұрған азаматтар вакцинамен қамтылды. 

Айта кетейік, аймақта мемлекеттік шекарадан өту барысында санитарлық талаптар күшейтілді. Қазіргі уақытта шекаралардағы төрт бекеттегі халық қозғалысы бақылауға алынған. Бүгінгіге дейін екі мыңнан астам ПТР зерттеу жүргізілді. Бүгінгі күні облыс аумағына тәулігіне 600 жолаушы кіреді. Анықтама болмаған жағдайда, тұлғалардың барлығы кері қайтарылады.

Өзгелердің жаңалығы