Павлодар облысында «Инвестор үйі» ашылады

15 Ақпан 2019, 19:26
1748
Бөлісу:
Павлодар облысында «Инвестор үйі» ашылады

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің экспорттық тасымалы 1,7 есе, шикізаттық емес экспорттың көлемі 2,5 есеге өсті.

 

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов тұрғындармен есептік кездесуінде айтты. Аймақ басшысының мәліметінше, былтыр облыста алыс-жақын шетелге экспортталатын тауарлардың аясы кеңейді. Өнімдердің қатарына қоспалы алюминий, қанатты металлдан жасалған автомобиль дискілері, жаңа құрылыс материалдары бар. Бұл жетістіктерге жетуде инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар сеп болды.

 

Жұмыстарды күшейту мақсатында биыл «Инвестор үйі» ашылады. Бұл жерде Оңтүстік Корея, Жапония және Грузияның тәжірибесі бойынша әрбір инвестор «бір терезе» қағидасымен өз жобасына қатысты қызметтердің барлық түрін алады.

 

Облыста инвестицияларды тартуға көп көңіл бөлінеді. Өткен жылы негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 473 млрд. теңгені құрады, ал, соңғы үш жылдың ішінде бұл көрсеткіш 1,4 триллион теңгеге жетті.

 

«Инвестициялардың 100 млрд. теңгеге жуығы шағын және орта бизнестің үлесінде.тиесілі Кәсіпкерлік секторда 44 мыңға жуық нысан қызмет етеді. Олар 131 мың адамды немесе облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 32%-ы жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұл сектордағы салықтық түсімдердің көлемі 63 млрд. теңгені құрайды», - дейді облыс әкімі.

 

Айта кетейік, Павлодар облысы еліміздің өңдеу өнеркәсібі бойынша үздік үштіктің қатарында келеді. Өңдеу секторына құйылған инвестициялардың көлемі бойынша біз республикада екінші орында. Осы саладағы өсім 6%-ды құрады.

 

Ақмаржан Әділбек
Өзгелердің жаңалығы