Бас жаңалықтар
Павлодар облысында иісшіл иттердің көмегімен 160 қылмыстың беті ашылды
11 Сәуiр 2019, 16:37 729

Павлодар облысында иісшіл иттердің көмегімен 160 қылмыстың беті ашылды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қызметтік иттер марапатталды. Полицейлердің серігіне айналған төрт аяқтылар төсбелгілерге ие болды. 

Айта кетейік, облыстық полиция департаментінің жанындағы кинологиялық қызмет осыдан бес жыл бұрын ашылды. Сол сәтте қызметтің құрамында не бәрі 10 ит болған. Бүгінде олардың қатары 30-ға жуықтады.
Облыстық кинологиялық қызметтің бастығы Қуанышбек Қабжановтың мәліметінше, осы басынан бастап, павлодарлық қызметтік иттерінің көмегімен 160-тай қылмыс ашылды.



«Бүгінде полиция кинологиялық қызметі орталығында 29 қызметтік-іздестіру иті бар, олар құқықбұзушылыққа қатысты 500 шақырту бойынша қызмет көрсетті. Орталықта неміс овчаркалары, лабрадорлар, спаниельдер мен белгиялық овчаркалар бар. Бұл жерде иттерге арналған вольтерлер мен қызметкерлерге арналған қызметтік бөлмелер қарастырылған, сонымен қатар, медициналық блок пен әртүрлі жаттығулық құрылғылар кешені бар», - дейді Қуанышбек Қабжанов.

Мамандардың айтуынша, қызметтік иттердің кәсіби дайындығы 70%-ға кинолог-маманға, ал 30%-ы иттің өзіне байланысты болады.

Полиция полковнигі Юрий Колесниковтың айтуынша, төрт аяқты көмекшілердің атқаратын қызметі зор.

«Әсіресе, мүліктік қылмыстарды ашуда қызметтік-іздестіру иттерінің көмегі зор. Иттердің көмегімен 35 есірткіге қатысты және 126 өзге қылмыс ашылды. Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін көмекші достарымыз марапаттарға ие болды», - дейді Юрий Колесников.



Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық