Павлодар облысында дәрі-дәрмек бағаларына мониторинг жүргізіле бастайды

20 Маусым 2019, 19:33
1467
Бөлісу:
Павлодар облысында дәрі-дәрмек бағаларына мониторинг жүргізіле бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрілік заттардың бағаларын реттеу туралы заң күшіне енгеннен кейін Қазақстанда дәрілер құнын бақылайтын топтар жұмыс істей бастайды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ирина Сорокина осы жөнінде ақпарат жеткізді.

«Әрине, мониторинг – бұл тексеріс емес. Дегенмен, оны өткізген кезде проблемалық тұстарды анықтау мүмкін болады. Соның нәтижелерімен басқа да құзырлы органдармен бірлескен жұмысты жалғастырамыз», - деді Ирина Сорокина.

Ирина Сорокинаның айтуынша, дәрі-дәрмек бағаларын тексеретін жауапты органдар да қызметін де ұмытпаған абзал. Осындай тексерістер барысында олқылықтар анықталған кезде әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Дәрілер бағаларының орынсыз өсуіне Darikz мобильді қосымшасы да көмек береді деп күтілуде. Тегін таратылатын қосымшада шілдеден бастап Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмектердің шекті бағалары көрсетілетін болады. Оған қоса, мұнда дәрілер туралы толық ақпарат, оларды дәріханалардан босату талаптары мен қолданудың нұсқамаларымен танысуға болады.

Қазіргі кезде өңірімізде денсаулық сақтау басқармасы, «СК Фармация» ЖШС және жоғарыда аталған департамент өкілдерінен құрылған мониторингтік топ құрылды. Топ азаматтардың өтініштеріне шұғыл көңіл аударып, шара қолданады.

Тұрғындар осыған қатысты өз сұрақтарын 55-44-16 телефоны арқылы қоя алады.

Өзгелердің жаңалығы