Бас жаңалықтар
Павлодар облысында боранда жолда қалған көліктер құтқарылды
06 Наурыз 2021, 19:33 392

Павлодар облысында боранда жолда қалған көліктер құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір құтқарушылар Ақмола облысымен шекарада қалған соңғы топқа жақындады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асайын Байхановтың мәлімдеуінше, жолды қардан тазалау жұмысы жалғасуда.
Үш үлкен топты қардан шығарып, жолға түсіріп жібердік, - деді аймақ басшысының орынбасары. Соңғы топ қалды. Ол Ақмола облысымен шекарада орналасқан. Ең жақын орналасқан ауыл - Ажы. Бұл топта 30 жүк көлігі мен 20 жеңіл көлік кептеліп қалды. Мұнда менімен бірге құтқарушылар тобы келді. Бәрі жақсы, зардап шеккендер жоқ. Алдағы сағат ішінде біз бәрін босатып, Екібастұзға қарай жолға саламыз деп сенеміз.

Асайын Байхановтың айтуынша, облыстық маңызы бар жолдардың 6 учаскесі және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті жолы жабылған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қолайсыз ауа райының жалғасуына байланысты Тереңкөл-Михайловка (0-108 км), сондай-ақ Ивановка-Трофимовка (0-95 км) жолдарында Ресей Федерациясының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелген.

Кеше Михайловкаға қарай кетіп бара жатып құтқарылған адамдар қазіргі уақытта «Самал» лагері мен «Оқушылар үйіндегі» жылыту пунктіне орналасқан. Олар үшін «АгроДаму» ЖШС есебінен ыстық тамақ пен қонатын орын дайындалған.

Жылыту пунктінде барлығы 23 адам бар. Оның ішінде жетеуі балалар. Құрметті азаматтар, автокөлік жүргізушілері! Біз тағы да дауыл туралы SMS хабарлама алған жағдайда елді мекендерден тыс кез-келген сапарларға шықпауды ұсынамыз, - деді құтқарушылар.

Қар құрсауында қалған жағдайда «101» немесе «102» нөмірлері бойынша құтқару қызметіне хабарласу қажет.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...