Бас жаңалықтар
Павлодар облысында Бэтти атты қызметтік ит ұрланған ақшаны табуға көмектесті
21 Тамыз 2019, 05:55 203

Павлодар облысында Бэтти атты қызметтік ит ұрланған ақшаны табуға көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Май ауданының тұрғыны өз үйінен 50 мың теңге ақшалай қаражат жоғалып кеткені туралы шағымданды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

«Шақыртуға полиция кіші сержанты Жұмажан Құнанбаев қызметтік-іздестіру итімен барды. Бэтти атты полиция көмекшісі бірден ізге түсіп, 23 жастағы жергілікті тұрғынның ақшасын ұрлаған күдіктінің үйіне әкелді. Ұрланған ақша  сол жерден табылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстың ізін суытпай ашуға күнделікті жаттығулар, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану септігін тигізді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  

Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық