Павлодар облысы халқының саны 752,9 мың адамды құрады

14 Қыркүйек 2019, 16:47
5903
Бөлісу:
Павлодар облысы халқының саны 752,9 мың адамды құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 1 тамызда қала халқы – 531,1 мың адам (70,5 %), ал ауыл халқы – 221,8 мың адам (29,5%) саналады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Өңірлік статистика департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылғы I тоқсандағы (алдын ала деректер бойынша) халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 98416 теңгеге шығады.

«Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12,5%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 7,3%-ға артты», - дейді департаментте.

2019 жылғы II тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 157,3 мың теңгені, немесе 2018 жылдың сәйкес тоқсанына 114,3%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 109,2% құрады. Жалдамалы қызметкерлер саны 198,2 мың адам құрады.

2019 жылғы II тоқсанда жұмыс күшінің саны 410,9 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70,6%-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,7%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы тамыздың соңына 9,3 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,3%-ды құрады.

Өзгелердің жаңалығы