Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстары кейінге шегерілуі мүмкін

30 Маусым 2021, 18:26
3034
Бөлісу:
Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстары кейінге шегерілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуі кезінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.

Оның айтуынша, Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары осы жылдың шілде-тамыз айлары аралығында жүргізілуі тиіс болған.

Алайда елдің оңтүстік аймақтарындағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» компаниясымен келісіп, оны кейінге шегеру мәселесін қарастырудамыз, - деп атап өтті министр.

Оның сөзіне сүйенсек, шешім туралы ақпарат алдағы уақытта жарияланатын болады.

Бұған дейін министр Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты пікір білдірген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы