Пара беруге мәжбүрлегені үшін сотталушының жазасы өзгерді

9 Қазан 2019, 12:19
1514
Бөлісу:
Пара беруге мәжбүрлегені үшін сотталушының жазасы өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласы тұрғынын баласының мерзімінен бұрын босатылуына ықпал етуге лауазымды тұлғаларға пара беруге мәжбүрлегені және осы мақсатта 900 мың теңге алғаны үшін күдікке ілінген К.Г.Аубакировке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

2019 жылы 15 ақпанда Көкшетау қалалық сотының үкімімен Аубакиров айыпты деп танылып, оған 13 270 785 теңге айыппұл тағайындалған болатын.

Бекітілген кестеге сәйкес айыппұлды төлемегені үшін соттың қаулысымен жазаның аталған түрі 2 жыл 5 ай және 15 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Биыл 5 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы сот шешімін орындау мақсатында Аубакировті Көкшетау қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамады.

Өзгелердің жаңалығы