Пандемияға қарамастан халық санаққа белсенді қатысқан

10 Қараша 2021, 11:20
899
Бөлісу:
Пандемияға қарамастан халық санаққа белсенді қатысқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов хабарлады. Оның айтуынша, ел тұрғындары онлайн форматтағы халық санағынан өтуге белсене қатысты.

Бұл осындай қиын уақытта халықтың санаққа белсенді қатысуын көрсетеді. Бұл көрсеткіш онлайн форматта санақтан өтудің орташа еуропалық көрсеткішіне жақындағанын атап өту қажет, - деді Нұрболат Айдапкелов.

Сондай-ақ бүкіл ел бойынша 3 500-ден астам халық санағын өткізуге арналған арнайы пункттер жұмыс істеді.

1446 нөмірі бойынша арнайы call-орталығы тәулік бойы жұмыс істеді. Ел тұрғындарынан 500 мыңнан астам өтініш түсті. Респонденттерге 25 млн-нан астам SMS-хабарлама жіберілді, - деп атап өтті Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін халық санағының нәтижесі қашан шығатыны белгілі болғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы