Халық санағының нәтижесі қашан шығатыны белгілі болды

10 Қараша 2021, 11:10
1756
Бөлісу:
Халық санағының нәтижесі қашан шығатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов хабарлады. Оның айтуынша, санақ ел тұрғындарының барлық санаттарын қамтыды.

Онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-ы өтті. Ал жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылды. Халық санағына 25 мыңға жуық санақ персоналы, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің және бюроның орталық аппаратының қызметкерлері тартылды, - деп атап өтті Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Сондай-ақ ел тұрғындарының көптеген сұрауы бойынша онлайн санақтан өту мерзімі санақ аяқталғанға дейін ұзартылған.

Бюро алынған деректерді өңдеуге кірісті және алдын ала деректерді осы жылдың желтоқсан айында ұсынуды жоспарлап отыр. Іс-шаралар жоспарына сәйкес санақтың қысқаша қорытындылары 2022 жылдың ортасына жоспарланған және 2023 жылдың 1-тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялауды жоспарлап отырмыз, - деді Нұрболат Айдапкелов.

Өзгелердің жаңалығы