Пандемия әлем экономикасын рекордтық төмендеуге алып келді

11 Тамыз 2020, 10:32
915
Бөлісу:
Пандемия әлем экономикасын рекордтық төмендеуге алып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік Банктің бағалауы бойынша, әлемдік экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең терең құлдырауға тап болды, ол осы жылдың соңына қарай 5,2%-ке төмендеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк төрағасы Ербол Досаев бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, осы жылдың екінші тоқсанында АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) өткен тоқсанға қарағанда 9,5%-ке, Еуроодақта - 14,4%-ке, оның ішінде Испанияда - 18,5%-ке, Германияда - 10,1%-ке төмендеген, бұл екі ел үшін тоқсандық есептеулер тарихындағы ең төменгі мән болып табылады.  
Соған қарамастан, әлемнің ірі экономикалары бизнес пен халықты қолдауға арналған ауқымды мемлекеттік шығындар есебінен әлемдік экономиканың құлдыраудан өтуі мен жандана бастауы туралы мәлімдеуде. Қытай, Еуроодақ (ЕО) елдері және АҚШ-тың өнеркәсіптегі іскерлік белсенділік көсеткіштері айтарлықтай жақсарғаны тіркелді. Global Manufacturing PMI индексі 2020 жылғы қаңтардан бастап алғаш рет оң аймаққа өтіп, 50,3 тармаққа жетті,- дейді ол

Экономикалардың біртіндеп қалпына келуі және энергия ресурстарын тұтынудың өсуі аясында ағымдағы жылғы шілдеде мұнай бағасы бір баррель үшін 41,2 АҚШ долларынан 43,3 АҚШ долларына дейін 5,2%-ке өскен. 
Бұл ретте әлемдік экономиканың қалпына келуіне қарамастан, әлемде коронавирустың екінші толқынының қаупі сақталуда. Ағымдағы жылғы шілдеде коронавирус таралуының өсуіне байланысты сыртқы нарықтарда белгісіздік артты. Бұл инвесторлардың экономикалық перспективаларға қатысты алаңдаушылығын арттырды және алтын сияқты қорғаныс активтері құнының өсуіне, сондай-ақ дамушы елдер валюталарының әлсіреуіне алып келді,-дейді Досаев.  
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі маусым айында 46,8 тармаққа дейін қалпына келгеннен кейін енгізілген карантиндік шектеулер аясында шілдеде 44,7 тармаққа дейін төмендеген, бұл қызмет көрсету саласындағы белсенділіктің 43,1-ге дейін 3,2 пайыздық тармаққа қысқаруына байланысты болған. 

Жедел деректер бойынша, 2020 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) Ұлттық Банктің болжамына сәйкес -1,5%-пен салыстырғанда жылдық мәнде 1,8%-ке қысқарды, бұл қызмет көрсету секторындағы, атап айтқанда сауда мен көлік секторындағы терең құлдырауға байланысты болды. Осыған орай, инфляциялық күтулердің тұрақтануын ескере отырып, Ұлттық Банк ағымдағы жылғы 20 шілдеде Қазақстан экономикасының өсуін қалпына келтіруді қолдау үшін пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін тарылта отырып, базалық ставканы 9,0%-ке дейін төмендетті, - деді банк төрағасы.
Өзгелердің жаңалығы