Пандемия басталғанда еліміздегі колонияларда айына 1 млн маска тігілген
08 Қараша 2021, 23:08 117

Пандемия басталғанда еліміздегі колонияларда айына 1 млн маска тігілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Хабар» телеарнасының «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбаты барысында хабарлады. 

Оның айтуынша, былтыр пандемия басталған қысылтаяң кезеңде еліміздегі колонияларда айына 1 млн-ға жуық маска тігілген.

Карантин кезінде ел аумағында қалалар, облыс орталықтары мен тасжолдарда 445 блокбекеттер тәулік бойы жұмыс істегені белгілі.

Пандемия кезінде колонияларда айына 1 млн шамасында маска тігілді. Бір мезетте бүкіл дәріханаларда бетперделер таусылып қалғанын білесіздер. Біздегі колонияларда мыңдаған тігін машинасы жұмыс істеп тұр. Алғаш рет маска тігілетіні туралы шешім қабылдадық деп айтуға болады. Одан басқа, блокбекеттерде тұрған полиция қызметкерлеріне арнап қорғаныс комбинезондарын шығарды, - деп атап өтті ведомство басшысы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...