Жалпы жаңалықтар
-
-
Түркістан облысында ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің жалақысы 20% көтеріледі
Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов жұмыс тобын бастап келген болатын. Іссапар барысында Министрлік өкілдері өңірдегі медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, Елбасының тапсырмасына сәйкес жалақының өсуі, медициналық қызмет көрсету стандарты сынды бірнеше тақырып бойынша семинар өткізді.
11.04.2019
-
Қытайдан 116 млрд теңге несие алу туралы заң жобасы қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенаты ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы ҚХР жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын мақұлдады.
11.04.2019
-
Ақтауда екі «Адалдық дүкені» ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында және Ақтау қаласы Полиция басқармасында «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасының аясында «Адалдық дүкендері» ашылды.
11.04.2019
-
Елордада IV Халықаралық ғылыми-діни конференция басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері" атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференциясы өтіп жатыр.
11.04.2019
-
30 жылда 30 мыңға жуық термин аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті төртінші сессиясының жұмыс жоспарын іске асыру аясында Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр.
11.04.2019
-
Дариға Назарбаева президент сайлауы жөнінде әріптестеріне үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева 2019 жылы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысты әріптестеріне үндеу жасады.
11.04.2019
-
Шымкентте 10 мыңға жуық медицина қызметкерінің жалақысы өседі – Ақтаева
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биылдың 1 маусымынан бастап ерекше сұранысқа ие мамандардың жалақысы өседі. Олардың қатарында дәрігерлер де бар. Соның ішінде Шымкент қаласындағы 10 мыңға жуық медицина қызметкерінің айлығы көбейеді. Денсаулық сақтау саласына қатысты осы және тағы басқа жаңалықтарды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Шымкент тұрғындарымен кездесуінде айтып берді.
11.04.2019
-
Әбдіқалықова 11 көпбалалы анаға пәтер кілтін табыстады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы Шымкентке келді. Олар жұмыс сапарының бірінші күні қала тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында вице-премьер көпбалалы отбасына пәтер кілтін тапсырды. Бұл пәтерлердің барлығы да мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған.
11.04.2019
-
Шымкентте 77 725 адам атаулы әлеуметтік көмек алуы мүмкін – Сапарбаев
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 сәуірден бастап есептелетін жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті алуға 830 мың азаматтың мүмкіндігі бар. Оның 77 725-і Шымкентте тұрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Шымкент тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
11.04.2019
-
Қарағандылық дәрігерлер 101 жастағы науқасқа бірегей ота жасады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Х.Ж.Мақажанов атындағы ауруxананың xирургтері 101 жастағы әжейдің жамбас буынын ауыстырды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қалыпты, жақын күндері оңалту орталығына ауыстырылатын болады.
11.04.2019
-
Жастар кезектен тыс сайлауды қолдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Жастар жылын өткізуге мониторингті жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы 9 маусымға жоспарланған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қолдау білдіру.
11.04.2019
-
Жастар жылы. Шетелге шықсаңыз «Сарқыт-боксты» ала кетіңіз
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылық студенттер жастар жылында тың идеялар мен креатив ойларын ортаға салып, өзгеше жобаларын жүзеге асыруда. Осындай жобалардың бірі - «Сарқыт-бокс» жобасы. Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері ұсынған жоба туризмді дамытуда кәдеге аспақ.
11.04.2019
-
Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
11.04.2019
-
11 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты оңтүстік және шығыстың кей жерінде жаңбыр жауады.
11.04.2019
-
Ақмола облысының жас кәсіпкері көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғалжын ауданында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, кәсіпкер, «Мирас-2000» ЖШС директоры Дәлел Жүзбаев көпбалалы әрі жалғызбасты ана Бақытгүл Қауысоваға пәтер сыйлады. Бұл туралы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
10.04.2019
-
Елордада қоғамдық көліктің кей бағытына өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №28 көшесі арқылы қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
10.04.2019
-
ШҚО-да тәртіп сақшылары қан тапсыру акциясын ұйымдастырды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті қызметкерлерінің арасында «Мен-донормын» атты қан тапсыру акциясы өткізіліп, 50-ден астам тәртіп сақшысы науқас жандарға қолұшын созды.
10.04.2019
-
Түркістанның Жетісай ауданында 77 мың гектар жерге егін егіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды.
10.04.2019
-
Ақтөбелік ардагерлер сайлауға түгел қатысады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының ардагерлері 9 маусымда болатын кезектен тыс Президент сайлауына түгел қатысады. Қазір ақсақалдар сайлау науқанының жақсы өтуіне тілекші болып отыр.
10.04.2019
-
Түркістанда мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласының «Жеңіс» саябағында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.
10.04.2019
Наверх